"Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы"

Автор: teacher от 17-05-2019, 17:11, посмотрело: 196

0
Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы – әр отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан бұл шараға барынша мән берген абзал. Бұл күні барлық ата-аналар жаппай мектептерге келіп, балаларының класс жетекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болады. Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру. Негізінде мектептегі тәрбие жұмысы нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен мектептің бірлескен әрекетінде екені белгілі, осы орайда біздің мектебімізде де ата -аналармен бірлесіп істеген жұмыстарымыздың нәтижелі жетістіктерімен мақтануға болады. Қамқоршылық кеңестерінің басты мақсаты – білім беру сапасын және саналы тәрбие беруде  бірігіп жұмыс істеу, мүмкіндігі зор әрі шығармашыл әлеуеті жоғары білім беру ортасын қалыптастыру екендігін бірі білсе, бірі білмейді. Осы ретте қамқоршылық кеңесінің төреағасы Сабит Жарболович жиналысқа қатысушы ата-аналарға , мектеп әкімшілігімен бірлесіп жасаған жұмыстарын айтып , барша ата - аналарға алғысын айтты. Ата - аналарға балаларының білім сапасын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.З. Таласова таныстырды. Мектептегі тәртіп ережесін , каникул кезіндегі өмір қауіпсіздігімен , мектепте өтіп жатқан іс -шараларды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.О. Абашева баяндап кетті. Мектеп директоры А.Ш. Оракова атқарылған жұмыстары жөнінде ата -аналарға есеп беріп ,"бала үні" жәшігінен алынған білім алушылардың жазған ұсыныс пікірлерін оқып , жауап берді. Жиналыс соңында мектеп директоры  мектеп өміріне белсене қатысып жүрген ата - аналарға алғыс xаттар беріп , болашақта да ынтымақтастығымыздың дамитынына үміт білдіретінін айтты.шаблоны для dle 11.2

Категория: Родителям

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.