"Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады"

Автор: teacher от 10-12-2019, 11:48, посмотрело: 112

    08.11.2019ж., күні Бала құқығы туралы Конвенция дүниежүзілік сабақты насихаттау мақсатында 5 "А" және 5 "Б" класында біріккен "Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады" тақырыбымен класс сағаты болып өтті. Класс сағатының мақсаты: Бала құқығы туралы Конвенцияны түсіндіру, заң саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, өмірде қолданауға үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Шараға мектеп инспекторы Г.Г. Иманалина қатысып, білім алушыларға заң аясында мағлұмат беріп, сұрақтарға жауап берді. Бала құқықтары туралы Конвенцияны 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ бекітті. Биыл 30 жыл. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамыз айында Қазақстанда "Балалар құқығы туралы" Заң қабылданды.

Категория: Родителям

 

"Мейірім" "Бәйтерек" шаңырағы

Автор: teacher от 9-12-2019, 14:58, посмотрело: 76

03.12.2019жылы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің "Мейірім, Бәйтерек" шаңырақтарының жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Үштік одақ: міндет, ынтымақ, нәтиже" мектепішілік ата-аналар мен білім алушыларға арналған дөңгел үстелі өтті. Мақсаты: мұғалім, ата-ана, білім алушы арасындағы байланысты нығайту, өзара ашық пікірталас жүргізу, білім алушылармен кең ауқымда ой бөлісу. Дөңгелек үстел өткізу барысында 3 топқа топтастырылды. "Ұстаз", "Ата-ана", "Білім алушы". Топ мүшелері бір - біріне сұрақтар қойды, түрлі ситуациялық тапсырмалар орындады. Тренинг сабақтың соңы "Тілек шамы" әдісі арқылы қорытындыланды. Таным-тренинг сабағы тәрбиелік мәні зор мәліметтер мен өте жоғары, әсерлі деңгейде өтті.

Категория: Родителям

 

"Менің жазғы демалысымның жарқын келбеті"

Автор: teacher от 3-09-2019, 15:51, посмотрело: 108

     Ақтөбе қаласы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің 4 "ә"класс білім алушылары білім мерекесіне орай "Менің жазғы демалысымның жарқын келбеті"-атты ашық тәрбие сағаты жақсы,әсерлі өтті. Білім алушылар жазғы демалыста өткізген көңілді күндер туралы пікірлерін ортаға салып, шығармашылық жұмыстар жасады. Мәңгілік елдің саналы,жарқын ұл-қыздары өнерге, білімге ұмтылады. Білім алушылар өз өнерлерін ортаға салды. Тәрбие сағаты жақсы өтті. Класс жетекші Абилова Л.А қанатты, нақыл сөздермен қорытындылады.

Категория: Родителям

 

"Аталар жолымен ағалар ізімен"

Автор: teacher от 3-09-2019, 15:42, посмотрело: 97

      Мектебіміздің 11 класс білім алушылары «Аталар жолымен, ағалар ізімен» тақырыбында мектеп директоры А.Ш.Ораковамен кездесу сағатын өтті. Кездесу кешіміздің мақсаты: Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық, құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарының, олардың алдын алу, жастарды адалдыққа тәрбиелеу болды.
Кездесу кеші екі бөлімнен тұрды.
      1.Сұрақтар қойып, білім алушылар мектеп басшысымен сұхбаттасты .
   2.Ассоциация «Аталар жолымен, ағалар ізімен» тақырыбында ойларын қоршаған ортамен, табиғатпен байланыстыра отырып, топтаса жұмыс жасап тақырыпты асты.

Категория: Родителям

 

"Менің алғашқы қоңырауым"

Автор: teacher от 3-09-2019, 15:37, посмотрело: 96

№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің 1"А" класында "Менің алғашқы қоңырауым "тақырыбында ашық класс сағаты болды. Класс сағатына ата-аналар қатысты.

Категория: Родителям

 
Назад Вперед