
Мектебібізде 23.02.2019ж күні "Ынтымақтастық пен интеллектуалдық мүмкіндік - дарындылық сатысы" тақырыбында мектеп педагогтарына арналған әдістемелік семинар өткізді. Мақсаты: Жантанушы мұғалімдердің шығармашылық, танымдық біліктіліктерін дамыту, əдіс-тəсілдер арқылы педагогтарды зерттеу. Семинар бағытында директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары И.К.Тормантаева жемістерді қолдана отырып семинар тақырыбына орай психологиялық ахуал қалыптастыру тренингін жүргізді. Тәжірибе алмасу бағытында мектеп директоры А.Ш.Оракова "Тәжірибелік рефлексия" слайд материалдарымен проблемаларды ортаға салып, ұжыммен ой бөлісті. Мектеп Жантанушылары С.Əбдіраева, Н.Имангалиева түрлі əдіс-тəсілдер арқылы педагогтарға зерттеу жұмысын ұйымдастырды.