"Сен агрессияны қалай жеңесің?"

Автор: teacher от 26-02-2019, 10:05, посмотрело: 118

0

21.02.2019 ж., күні мектебіміздің 8-11 класс білім алушыларына "Сен агрессияны қалай жеңесің?" тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте көрсетілгендей әр адам өз агрессиясын түрлеше басады, сондықтан көрсетілім соңында білім алушылар арасында пікірталас туындады. Бірі өз агрессиясын жаттығу жасап жеңсе, бірі таза ауада серуендеп немесе музыка тыңдау арқылы өз ашуын баса алатындарын жарыса айтты.

Категория: Мероприятия

 

"Ынтымақтастық пен интеллектуалдық мүмкіндік- дарындылық сатысы"

Автор: teacher от 26-02-2019, 10:01, посмотрело: 108

0
Мектебібізде 23.02.2019ж күні "Ынтымақтастық пен интеллектуалдық мүмкіндік - дарындылық сатысы" тақырыбында мектеп педагогтарына арналған  әдістемелік семинар өткізді. Мақсаты: Жантанушы мұғалімдердің шығармашылық, танымдық біліктіліктерін дамыту, əдіс-тəсілдер арқылы педагогтарды зерттеу. Семинар бағытында директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары И.К.Тормантаева жемістерді қолдана отырып семинар тақырыбына орай психологиялық ахуал қалыптастыру тренингін жүргізді. Тәжірибе алмасу бағытында мектеп директоры А.Ш.Оракова "Тәжірибелік рефлексия" слайд материалдарымен проблемаларды ортаға салып, ұжыммен ой бөлісті. Мектеп Жантанушылары  С.Əбдіраева, Н.Имангалиева  түрлі əдіс-тəсілдер арқылы педагогтарға зерттеу жұмысын ұйымдастырды.

Категория: Мероприятия

 

Талғат Бұрханұлы Тлеулесовпен кездесу кеші

Автор: teacher от 26-02-2019, 09:58, посмотрело: 93

0
№33 қазақ орта мектебінде Ақтөбенің 150 жылдығына орай ақын, сазгер Талғат Бұрханұлы Тлеулесовпен шығармашылық кездесуі өтті. Осы шара да 5"ә"класс білім алушысы," Жас тілші" үйірмесіне қатысып өзін тілші, диктор ретінде машықтап жүрген  Сәбит Аягүл ақын сазгермен сұхбат жүргізіп, ақын өмірінен қызықты мағлұмат алды. Бұл кездесу кешінен білім алушыларымыз керемет әсерде болып, шабыт алды. Мектебіміздегі "Домбыра-дастан үйірмесінің білім алушылары өз өнерлерін көрсетіп, мектеп ата-аналары ақынға деген ризашылығын гүл шоқтарымен білдірді.

Категория: Мероприятия

 

НАҚТЫ ҒЫЛЫМ - ДҮНИЕ КІЛТІ БҮГІНДЕ...

Автор: teacher от 23-02-2019, 11:55, посмотрело: 190

0 2019 жылдың 14 қаңтар күні мектебімізде математика, физика және информатика бірлестігінің пәндік апталығы ашылды. Апталықтың мақстаты білім алушыларды қиын да қызықты пәндерге ынтасын арттыру. Апталық барысында логикалық есептер, жаңылпаштар, математикалық ертегілер көрсетілді. Осы апта бойы қызыққа толы ашық сабақтар, керемет кештер өткізілді.

Категория: Мероприятия

 

"ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАҒАЛАУДЫҢ РӨЛІ"

Автор: teacher от 23-02-2019, 11:45, посмотрело: 139

0 "Тәрбие мен білім берудегі бағалаудың рөлі" атты ата-аналарға арналған жиналыс өтті. Мектепте оқушының тәрбиесі мен дамуы оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы., ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі туралы да аталып өтілді. Соңғы уақыттарда оқу нәтижесін бақылау мен бағалау мәселесін әр түрлі аспектілер бойынша атап соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері шығармашылықпен жұмыс істейтін жекелеген мұғалімдер тәжірибесіндегі жаңалықтар жеткілікті нәтижеде сараланып, жинақталып, бақылап-бағалаудың қызметтерін жүзеге асыратын рейтингілік жаңа жүйе жолдары практика жүзінде жүргізіліп өткізілді. Жиналыс өз мақсатына жетті. 

Категория: Мероприятия

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine