"Қамқоршылық кеңес"

Автор: teacher от 26-02-2019, 10:54, посмотрело: 97

0
Қамқоршылық кеңестері - қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым. Қамқоршылық кеңестері - тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес, білім беру ұйымдарының, ең маңыздысы - азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы. Қамқоршылық кеңесінің құқықтық статусы екі түрде орнатылуы мүмкін; ол заңды тұлғаны құру жолымен де, құрмай-ақ та қызмет жасай алады.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1 Қамқоршылық – білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін(білім беру, ғылым, мәдениет және өнер, спорт және денсаулық сақтау) қолдаумен  байланысқан әлеуметтік белсенділік саласы.
1.2 Қамқоршылар – қамқоршылық жұмысын атқаратын қоғамдық және заңды тұлға.
1.3 Қамқоршылық кеңесі- қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады.
1.4 Қамқоршылық қолдау алатындар - қамқоршы бөлетін және тартатын қаржыға Қазақстан Республикасының жас ұрпағын дамытумен байланысқан білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін атқаратын қоғамдық және заңды  тұлғалар.
1.5 № 9 ЖОГМ ҚМ-нің Қамқоршылық кеңесі ҚР «Білім туралы» Заңының 44 бабының 9 тарауына сәйкес мектеп алқалық басқарудың түрі болып табылады.
1.6 Қамқоршылық кеңесі жалпы білім беру мекемесінің Жарғысы мен заңды тұлға статусынсыз осы Ереже негізінде әрекет жасайды.
1.7 Қамқоршылық кеңесінің мақсаты – білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, қала аумағында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен оның байланысын нығайту,заттай  және ақшалай қаржыларды белсенді пайдалану.
1.8 Қамқоршылық кеңесі бюджеттен тыс қаржыларды  ерікті құрбандық жасау, жеке тұлға мен мекемелердің қайырымдылық және демеушілік жарнасы, «ТҰРАҚТЫЛЫҚ-БІЛІМ» қайырымдылық есеп шотына заңмен қарастылыған қаржы көздері есебінен тартады.
1.9 Қайырымдылық және демеушілік жарнасынан түскен және қайырымдылық көрсетушілер қосқан қаржы есебінен сатып алынған барлық мүлік мекеменің меншігі болып табылады және бекітілген тәртіпте балансына алынады.
1.10 Қайырымдылық қызметі ҚР МК (сыйлық мен құрбандық ҚР МК 506,516 баптар) реттейтін келісім шарт қатынасы негізінде жасалады.

№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебіндегі қамқоршылық кеңесінің есеп шоты
KZ95070103KSN0618000
KZ400705034640787001
KZ320704034640787001
шаблоны для dle 11.2

Категория: Мероприятия

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.