"150 игі іс"

Автор: teacher от 26-02-2019, 10:40, посмотрело: 130

0
Ақтөбе қалалық әкімдігінің қолдауымен қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай "150 игі іс" атты қалалық акция 2019 жылдың 6 қаңтарынан бастап 15 наурыз күндері аралығында өтіп жатыр,осы акцияны қолдау аясында және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынын айтқан болатын .Ал «Жастар жылы» не атқарылуы тиіс?  Осы мәселелерге орай #33 ҚОЖББ мектебі мен Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен « Мамандық таңдау - маңызды іс»- атты 9-11 класс білім алушыларымызға ,ата-аналарымызға ,жоғары және орта оқу орындарының , оқу орталықтарының мамандарының қатысуымен ауқымды конференция өткізді.Конференция мақсаты; Болашақ жастарымызға мамандық таңдауда шатаспауына бағыт бағдар беріп ,жол сілтеу. Адам өмірінде мамандық таңдаудан басқа маңызды іс жоқ. Оңы мен солын танып үлгермеген мектеп оқушылары мамандығын дәл таңдайды деп айтсақ, артық айтқандық болар едік.Сондықтан жастар мамандық таңдауда көбіне ата-аналарымен ақылдасып, бір шешімге келіп жатады. Мұндайда жастарға қандай көмек болса да артықтық етпейтіні ақиқат. Конференцияға қатысқан білім алушыларымыз бен ата - аналарымыз , оқу орындарынан келген мамандардан кеңес алып пікірлесті. Бүгінгі конференция болашақ жастарымызға пайдасын тигізері анық . Келешекте болашақ түлектеріміз жақсы маман иесі болып жатса ,ол бүгінгі өткізген #игі_ісіміздің жемісі болмақ
шаблоны для dle 11.2

Категория: Мероприятия

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.