"Түлектер"

Автор: teacher от 1-06-2019, 09:19, посмотрело: 150


Мектебімізде білім алып қазіргі таңда қоғамымыздың әр түрлі саласында абыройлы қызмет етіп жүрген осы мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер келіп қуантты. Руxани жаңғыру бағыты Ұрпақтар сабақтастығы деген міне осы, аға буын бірнеше жыл тастап алтын ұя мектебіне оралып, артындағы іні -қарындастарына үлгі боларлықтай іс жасап, ұстаздарына құрмет көрсетті.
Ісім оңсын десеңіз
Сол істің маманы болыңыз,
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз-деп ғұлама Әл-Фараби атамыз айтқандай өз қалаған мамандықтарыңыздың ел кәдесіне жарап, өздеріңізге қуаныш сыйлауға, жұмыстарыңызда табысты болуларыңызға тілектеспіз. Бүгін бізбен бірге болып, алтын уақыттарыңызды  бөліп, мектебіміздің соңғы қоңырау іс -шарасына арнайы келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет рақмет айтамыз, біз сіздермен қоштаспаймыз келесі келгенше аман жүріңіздер! 

Категория: Мероприятия

 

"Қазақ халқына мың алғыс"

Автор: teacher от 2-05-2019, 08:57, посмотрело: 177


Е
ліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Бала-шағаларымыз аман, отбасыларыңызға тату-тәтті тіршілік, дендеріңізге саулық, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Осындай мереке күні "Қазақ халқына мың алғыс" стелласы жанында мерекелік шараға, көтеріңкі көңіл күймен мектебіміздің ұстаздары барып рухани демалды.

Категория: Мероприятия

 

ГҮЛДЕНЕ БЕР ҚҰТТЫ МЕКЕН АҚТӨБЕ

Автор: teacher от 12-04-2019, 17:18, посмотрело: 177

0 Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай Мәртөк ауданының сүт зауытына " Мәңгілік елдің қаласы Ақтөбем - қазына даласы ! " - атты танымдық эстафетасы аясында &33 ҚОЖББМ мен &40 ҚОЖББМ барды.Бұл танымдық эстафеталық сапардың мақсаты білім алушыларымызға өз ауданымыздағы өндіріс орындарымен таныстырып , туған өлке тариxын терең ұғындыру , патриоттық сезімін қалыптасыру болды. Аталмыш іс -шара өз мақсатына жетті екі мектептің білім алушылары өзара байланыстарын нығайтып , туған өлкенің тариxымен сусындап , байлығымен мақтанып қайтты. Құтты мекен Ақтөбе гүлдене бер !

Категория: Мероприятия

 

"Қамқоршылық кеңес"

Автор: teacher от 26-02-2019, 10:54, посмотрело: 102


Қамқоршылық кеңестері - қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым. Қамқоршылық кеңестері - тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес, білім беру ұйымдарының, ең маңыздысы - азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы. Қамқоршылық кеңесінің құқықтық статусы екі түрде орнатылуы мүмкін; ол заңды тұлғаны құру жолымен де, құрмай-ақ та қызмет жасай алады.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1 Қамқоршылық – білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін(білім беру, ғылым, мәдениет және өнер, спорт және денсаулық сақтау) қолдаумен  байланысқан әлеуметтік белсенділік саласы.
1.2 Қамқоршылар – қамқоршылық жұмысын атқаратын қоғамдық және заңды тұлға.
1.3 Қамқоршылық кеңесі- қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады.
1.4 Қамқоршылық қолдау алатындар - қамқоршы бөлетін және тартатын қаржыға Қазақстан Республикасының жас ұрпағын дамытумен байланысқан білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін атқаратын қоғамдық және заңды  тұлғалар.
1.5 № 9 ЖОГМ ҚМ-нің Қамқоршылық кеңесі ҚР «Білім туралы» Заңының 44 бабының 9 тарауына сәйкес мектеп алқалық басқарудың түрі болып табылады.
1.6 Қамқоршылық кеңесі жалпы білім беру мекемесінің Жарғысы мен заңды тұлға статусынсыз осы Ереже негізінде әрекет жасайды.
1.7 Қамқоршылық кеңесінің мақсаты – білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, қала аумағында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен оның байланысын нығайту,заттай  және ақшалай қаржыларды белсенді пайдалану.
1.8 Қамқоршылық кеңесі бюджеттен тыс қаржыларды  ерікті құрбандық жасау, жеке тұлға мен мекемелердің қайырымдылық және демеушілік жарнасы, «ТҰРАҚТЫЛЫҚ-БІЛІМ» қайырымдылық есеп шотына заңмен қарастылыған қаржы көздері есебінен тартады.
1.9 Қайырымдылық және демеушілік жарнасынан түскен және қайырымдылық көрсетушілер қосқан қаржы есебінен сатып алынған барлық мүлік мекеменің меншігі болып табылады және бекітілген тәртіпте балансына алынады.
1.10 Қайырымдылық қызметі ҚР МК (сыйлық мен құрбандық ҚР МК 506,516 баптар) реттейтін келісім шарт қатынасы негізінде жасалады.

№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебіндегі қамқоршылық кеңесінің есеп шоты
KZ95070103KSN0618000
KZ400705034640787001
KZ320704034640787001

Категория: Мероприятия

 

"150 игі іс"

Автор: teacher от 26-02-2019, 10:40, посмотрело: 135


Ақтөбе қалалық әкімдігінің қолдауымен қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай "150 игі іс" атты қалалық акция 2019 жылдың 6 қаңтарынан бастап 15 наурыз күндері аралығында өтіп жатыр,осы акцияны қолдау аясында және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынын айтқан болатын .Ал «Жастар жылы» не атқарылуы тиіс?  Осы мәселелерге орай #33 ҚОЖББ мектебі мен Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен « Мамандық таңдау - маңызды іс»- атты 9-11 класс білім алушыларымызға ,ата-аналарымызға ,жоғары және орта оқу орындарының , оқу орталықтарының мамандарының қатысуымен ауқымды конференция өткізді.Конференция мақсаты; Болашақ жастарымызға мамандық таңдауда шатаспауына бағыт бағдар беріп ,жол сілтеу. Адам өмірінде мамандық таңдаудан басқа маңызды іс жоқ. Оңы мен солын танып үлгермеген мектеп оқушылары мамандығын дәл таңдайды деп айтсақ, артық айтқандық болар едік.Сондықтан жастар мамандық таңдауда көбіне ата-аналарымен ақылдасып, бір шешімге келіп жатады. Мұндайда жастарға қандай көмек болса да артықтық етпейтіні ақиқат. Конференцияға қатысқан білім алушыларымыз бен ата - аналарымыз , оқу орындарынан келген мамандардан кеңес алып пікірлесті. Бүгінгі конференция болашақ жастарымызға пайдасын тигізері анық . Келешекте болашақ түлектеріміз жақсы маман иесі болып жатса ,ол бүгінгі өткізген #игі_ісіміздің жемісі болмақ

Категория: Мероприятия

 
Назад Вперед