» "Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықсыз 16күн"

 
 
 

"Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықсыз 16күн"

Автор: teacher от 9-12-2019, 15:25, посмотрело: 89

0

     Ақтөбе облысы білім басқармасының 2019 жылдың 21 қараша күнгі N2-6212 хатына сәйкес, әйелдерге қатысты кемісітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конфенцияның ережесін басшылыққа ала отырып, жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Халықаралық "Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықсыз 16күн" акциясы аясында мектебімізде "Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі Мурзагулова Айымгүл отырыс өткізді .Отырыс "Салауатты салтымыз " тақырыбында өрбіді. Адам адамға қарап, ағаш ағашқа қарай өседі деп білген қазақ халқы: қызым жақсы болсын десең, қылықтылармен ауыл бол - дейтін халық даналығын берік ұстанып, қыз балаларды ес біліп, етек жая бастаған кезде - ақ өнерлі, текті, тәрбиелі адамгершілігі жоғары болсын деп тәрбиелейді.

Сол мақсатпен мектеп ішіндегі қыздар тәрбиесін 3 бағытқа бөлдік: 

✅жан сұлулық

✅гигиеналық, тазалық

✅қамқоршылық

      Мектеп ішінде қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық,әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды таза, әсем, жарасымды киім киіп, өздерін күтуге, шаш өруге, үйрету ескеріледі.

     Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл жұмыс  қыз балаларға қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығын сезіндіру. Сонымен бірге өз құқықтарын біліп, өздерін қорғауға және мектеп оқушыларының, яғни өз міндеттерін дұрыс орындауға тәрбиелейміз. Міне осы мақсатта бүгінгі 8-9 класс қыз балалары арасында отырыс өтті. 



шаблоны для dle 11.2

Категория: ---

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.