"Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықсыз 16күн"

Автор: teacher от 9-12-2019, 15:25, посмотрело: 89

     Ақтөбе облысы білім басқармасының 2019 жылдың 21 қараша күнгі N2-6212 хатына сәйкес, әйелдерге қатысты кемісітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конфенцияның ережесін басшылыққа ала отырып, жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Халықаралық "Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықсыз 16күн" акциясы аясында мектебімізде "Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі Мурзагулова Айымгүл отырыс өткізді .Отырыс "Салауатты салтымыз " тақырыбында өрбіді. Адам адамға қарап, ағаш ағашқа қарай өседі деп білген қазақ халқы: қызым жақсы болсын десең, қылықтылармен ауыл бол - дейтін халық даналығын берік ұстанып, қыз балаларды ес біліп, етек жая бастаған кезде - ақ өнерлі, текті, тәрбиелі адамгершілігі жоғары болсын деп тәрбиелейді.

Сол мақсатпен мектеп ішіндегі қыздар тәрбиесін 3 бағытқа бөлдік: 

✅жан сұлулық

✅гигиеналық, тазалық

✅қамқоршылық

      Мектеп ішінде қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық,әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды таза, әсем, жарасымды киім киіп, өздерін күтуге, шаш өруге, үйрету ескеріледі.

     Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл жұмыс  қыз балаларға қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығын сезіндіру. Сонымен бірге өз құқықтарын біліп, өздерін қорғауға және мектеп оқушыларының, яғни өз міндеттерін дұрыс орындауға тәрбиелейміз. Міне осы мақсатта бүгінгі 8-9 класс қыз балалары арасында отырыс өтті. 



Категория: ---

 

"Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықсыз 16күн"

Автор: teacher от 9-12-2019, 15:18, посмотрело: 81

Ақтөбе облысы білім басқармасының 2019 жылдың 21 қараша күнгі N2-6212 хатына сәйкес, әйелдерге қатысты кемісітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конфенцияның ережесін басшылыққа ала отырып, жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Халықаралық "Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықсыз 16күн" акциясы аясында мектебімізде "Асыл ана" клубының жетекшісі Сейтенова Мейрамгүл Марқабайқызының  ұйымдастыруымен, "Әйел-ана, әйел-батыр" атты аналар мен білім алушы қыздардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел келген қонақтармен  танысудан басталды. Әр ана өзін-өзі таныстырды. Кейін бейнетаспа көрсетілді. Әйел-ананың тәрбиесі жайлы ойлар айтылды, аналарымыз бастарынан кешкен қызықты оқиғаларын ортаға салды. Келген қонақтар қызықты сұрақтарға жауап беріп, ой талқыласты. Әсем ән дөңгелек үстелдің шырайын одан әрі аша түсті. Аналар өз ризашылықтарын білдірді. Отырыс соңында мектібіміздің кәсіподақ ұйымы келген аналарымыздың иығына орамал жауып, Ана-деген теңдесі жоқ ұлылыққа бас иіп мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтып, әр кез мектеппен байланыстарын үзбей бала тәрбиесі жолында бірге жұмыс жасауға ниет білдірді.

Категория: ---

 

"Мейірім" "Бәйтерек" шаңырағы

Автор: teacher от 9-12-2019, 14:58, посмотрело: 96

03.12.2019жылы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің "Мейірім, Бәйтерек" шаңырақтарының жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Үштік одақ: міндет, ынтымақ, нәтиже" мектепішілік ата-аналар мен білім алушыларға арналған дөңгел үстелі өтті. Мақсаты: мұғалім, ата-ана, білім алушы арасындағы байланысты нығайту, өзара ашық пікірталас жүргізу, білім алушылармен кең ауқымда ой бөлісу. Дөңгелек үстел өткізу барысында 3 топқа топтастырылды. "Ұстаз", "Ата-ана", "Білім алушы". Топ мүшелері бір - біріне сұрақтар қойды, түрлі ситуациялық тапсырмалар орындады. Тренинг сабақтың соңы "Тілек шамы" әдісі арқылы қорытындыланды. Таным-тренинг сабағы тәрбиелік мәні зор мәліметтер мен өте жоғары, әсерлі деңгейде өтті.

Категория: Родителям