"Менің жазғы демалысымның жарқын келбеті"

Автор: teacher от 3-09-2019, 15:51, посмотрело: 127

     Ақтөбе қаласы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің 4 "ә"класс білім алушылары білім мерекесіне орай "Менің жазғы демалысымның жарқын келбеті"-атты ашық тәрбие сағаты жақсы,әсерлі өтті. Білім алушылар жазғы демалыста өткізген көңілді күндер туралы пікірлерін ортаға салып, шығармашылық жұмыстар жасады. Мәңгілік елдің саналы,жарқын ұл-қыздары өнерге, білімге ұмтылады. Білім алушылар өз өнерлерін ортаға салды. Тәрбие сағаты жақсы өтті. Класс жетекші Абилова Л.А қанатты, нақыл сөздермен қорытындылады.

Категория: Родителям

 

"Аталар жолымен ағалар ізімен"

Автор: teacher от 3-09-2019, 15:42, посмотрело: 110

      Мектебіміздің 11 класс білім алушылары «Аталар жолымен, ағалар ізімен» тақырыбында мектеп директоры А.Ш.Ораковамен кездесу сағатын өтті. Кездесу кешіміздің мақсаты: Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық, құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарының, олардың алдын алу, жастарды адалдыққа тәрбиелеу болды.
Кездесу кеші екі бөлімнен тұрды.
      1.Сұрақтар қойып, білім алушылар мектеп басшысымен сұхбаттасты .
   2.Ассоциация «Аталар жолымен, ағалар ізімен» тақырыбында ойларын қоршаған ортамен, табиғатпен байланыстыра отырып, топтаса жұмыс жасап тақырыпты асты.

Категория: Родителям

 

"Менің алғашқы қоңырауым"

Автор: teacher от 3-09-2019, 15:37, посмотрело: 105

№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің 1"А" класында "Менің алғашқы қоңырауым "тақырыбында ашық класс сағаты болды. Класс сағатына ата-аналар қатысты.

Категория: Родителям

 

"Былғары доп-2019"

Автор: teacher от 3-09-2019, 15:29, посмотрело: 98

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында "Былғары доп - 2019" қалалық турнирінде III орынды иелендік.

Категория: О школе / Наши достижения

 

"Мектепке жол"

Автор: teacher от 3-09-2019, 15:23, посмотрело: 124

   Қайырымдылық адам баласы бойындагы асыл қасиеттердің бірі адами қасиеттердің қадірлі ісі қайырымдылық болса, оны жасау қамқорлықша зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып аялы алақанның, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу-адамның азаматтық парызы. Қамқорлық жасау- өзінде барды өзгемен бөлісу мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттылықтың белгісі. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің бастамасымен 2019 жылдың 3 шілде - 31қыркүйек аралығында дәстүрлі қайырымдылық"Мектепке жол " акциясы ұйымдастырылып отыр. 2019 жылдың 28 тамыз күні 33 ҚОЖББ мектебінде осы тақырыпта салтанатты іс шара өткізілді. Белсене қатысқан және емеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер Сагиева Күміс Серікқалиевна және мектеп ұжымының барлық мұғалімдері. Қорытындылай келгенде 50 білім алушыға 267 000 теңге көлемінде оқу құралдар, спорттық киімдер және мектеп формалары табыс етілді.

Категория: Родителям