"Түлектер"

Автор: teacher от 1-06-2019, 09:19, посмотрело: 142


Мектебімізде білім алып қазіргі таңда қоғамымыздың әр түрлі саласында абыройлы қызмет етіп жүрген осы мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер келіп қуантты. Руxани жаңғыру бағыты Ұрпақтар сабақтастығы деген міне осы, аға буын бірнеше жыл тастап алтын ұя мектебіне оралып, артындағы іні -қарындастарына үлгі боларлықтай іс жасап, ұстаздарына құрмет көрсетті.
Ісім оңсын десеңіз
Сол істің маманы болыңыз,
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз-деп ғұлама Әл-Фараби атамыз айтқандай өз қалаған мамандықтарыңыздың ел кәдесіне жарап, өздеріңізге қуаныш сыйлауға, жұмыстарыңызда табысты болуларыңызға тілектеспіз. Бүгін бізбен бірге болып, алтын уақыттарыңызды  бөліп, мектебіміздің соңғы қоңырау іс -шарасына арнайы келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет рақмет айтамыз, біз сіздермен қоштаспаймыз келесі келгенше аман жүріңіздер! 

Категория: Мероприятия