"Оқу-дала жиыны"

Автор: teacher от 17-05-2019, 17:23, посмотрело: 135

Ақтөбе қаласындағы «Достық» әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде жылдағы дәстүр бойынша жалпыға бірдей білім беретін мектептердің оқушыларына арналған оқу-далалық жиыны басталды. Жастарға арналған оқу дала жиыны ,жастарға өте маңызды. Әсіресе, мына ер азаматтарға әр түрлі жаттығу болады. Өзін-өзі көрсету керек. Ұлы дала ұландары: «Мектеп бітіретін жастар бұл жиыннан мол сабақ алады.
Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік, іргесін берік, бірлігін бекем ету - осындағы барлық азаматтың басты борышы. Жалындаған жас қырандардың қалың легі тұрғанда елді дау, жерді жау алмайды. Сарбаз болып сап түзеген білім алушыларымызға сәттілік тілейміз! 15 мамыр 2019ж оқу - далалық жиыны (2кезең) салтанатты ашылуы өтті.

Категория: ---

 

"Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы"

Автор: teacher от 17-05-2019, 17:11, посмотрело: 192


Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы – әр отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан бұл шараға барынша мән берген абзал. Бұл күні барлық ата-аналар жаппай мектептерге келіп, балаларының класс жетекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болады. Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру. Негізінде мектептегі тәрбие жұмысы нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен мектептің бірлескен әрекетінде екені белгілі, осы орайда біздің мектебімізде де ата -аналармен бірлесіп істеген жұмыстарымыздың нәтижелі жетістіктерімен мақтануға болады. Қамқоршылық кеңестерінің басты мақсаты – білім беру сапасын және саналы тәрбие беруде  бірігіп жұмыс істеу, мүмкіндігі зор әрі шығармашыл әлеуеті жоғары білім беру ортасын қалыптастыру екендігін бірі білсе, бірі білмейді. Осы ретте қамқоршылық кеңесінің төреағасы Сабит Жарболович жиналысқа қатысушы ата-аналарға , мектеп әкімшілігімен бірлесіп жасаған жұмыстарын айтып , барша ата - аналарға алғысын айтты. Ата - аналарға балаларының білім сапасын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.З. Таласова таныстырды. Мектептегі тәртіп ережесін , каникул кезіндегі өмір қауіпсіздігімен , мектепте өтіп жатқан іс -шараларды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.О. Абашева баяндап кетті. Мектеп директоры А.Ш. Оракова атқарылған жұмыстары жөнінде ата -аналарға есеп беріп ,"бала үні" жәшігінен алынған білім алушылардың жазған ұсыныс пікірлерін оқып , жауап берді. Жиналыс соңында мектеп директоры  мектеп өміріне белсене қатысып жүрген ата - аналарға алғыс xаттар беріп , болашақта да ынтымақтастығымыздың дамитынына үміт білдіретінін айтты.

Категория: Родителям