АТА-АНАЛАР ЖИРНАЛЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ

Автор: teacher от 11-04-2019, 09:31, посмотрело: 166

0 2018-2019 оқу жылы бойынша жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының  хаттамасы
                                                         Хаттама №10
08.04.2019 ж
Қатысқаны- 80Күн тәртібінде: «Тіршілік көзі- салауатты болашақ»1.Білім алушыларымыздың тазалығы,мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай мектеп формасын  келесі оқу жылына дайындауға ата-аналарға таныстыру . (Қ.О.Абашева)2.III - тоқсан жалпы қорытындысы,мектепке қабылдаудағы келесі оқу жылына  өзгерістермен  таныстыру. (А.З.Таласаова)
3.Жаз маусымында білім алушыларды діни экстремизм  әрекеттерінен,құқық бұзушылық  және жол көлік апарттарының алдын алу  шаралары,ойын алаңының жалпы жоспарымен таныстыру.(Қ.О.Абашева)
4.Мектеп қабырғасында смартфон,телефон ұстауға тыйым салу. (С.Ж.Әбдіраева)
5.Қамқоршылық кеңес жұмысының есебі.
6.Ағымдағы мәселелер.
 Күн тәртібіндегі бірінші  мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.О.Абашева сөз алды.Мектеп білім алушыларының тазалығы,мектептің ішкі тәртібін сақтауы,оның ішінде сабаққа қатысымы,мектеп формасын сақтауы,сабаққа кешікпей келуі туралы сөз қозғалып ескертулер берілді және ата-аналарға  келесі оқу жылының білім алушыларына арналған мектеп формасы таныстырылды.Жаңа  мектеп формасын  ата-аналарға ұнап,жақсы көзқарастарын білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.З.Таласова сөз алды.1-11 кластар бойынша білім алушыларымыздың оқу үлгерімімен сапасы туралы айтып, көрсетті .Жалпы мектеп бойынша оқу және сапа үлгерімі қанағаттанарлық .Сонымен қатар келесі оқу жылынан бастап мектепке білім алушыларды қабылдау электронды түрде жүреді.Яғни білім алушылардың жеке басын куәландыратын және медициналық тексеру формасы сканерленіп салыну керек.
Күн тәртібіндегі үшінші  мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.О.Абашева сөз алды. Жаз маусымында білім алушыларды діни экстремизм  әрекеттерінен,құқық бұзушылық  және жол көлік апарттарының алдын алу  шаралары туралы айтылып қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.Яғни Жолда жүру ережесін сақтау және темір жол өткелдерінің ережесін сақтау ,суға шомылғанда қауіпсіздік ережелерін,шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге бармау.Сонымен қатар жаз маусымы кезінде жоспапланып отырған мектепішілік ойын алаңының жалпы жоспарымен ата-аналарды таныстырды.
Күн тәртібіндегі төртінші  мәселе бойынша мектеп психологыС.Ж.Әбдіраева сөз алды.Мектеп білім алушыларына смартфон,телефон ұстауға тыйым салу туралы ата-аналарға айтты.Жәнеде олардың тигізетін зияны туралы түсіндіріп,видео ролик көрсетті.
Күн тәртібіндегі бесінші   мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы С.Ж.Нуримов сөз алды.22 наурыз мерекесі бойынша жұмсалған қаражат көлемі140100 теңге жиналған.Жұмсалғаны:
1.Ет-98700тг
2.Қазы-11375 тг
3.Мейіз-3000 тг
4.Стақан -4000 тг
5.Салфетка-1300 тг
6.Газ балон -2000 тг
7.Такси -1500 тг
8.Анвар дүкенінен -2655 тг  (Чек)
9. Ағаш үй -55000 тг,барлығы 114,596 теңге жұмсалып,25504 теңге қалды.
Ағымдағы мәселелер бойынша 3 «В» класс ата-анасы Коптлеуова А.Е сөз алды:
-Бастауыш кластар бойынша  киіп жүрген мектеп формасының өзгермегенін қалаймын.5 класқа орта буынға келгеннен кейін ауыстыруына қарсы емеспін.
-7 «А»класс  ата-анасы Қыдырниязова А. сөз алды.Мектеп әкімшілігінің ұсынып отырған киім үлгісі ұнады,сондықтанда мектеп формасының өзгерітілуіне қарсы емеспін.
Қаулы:
1.Білім алушыларымыздың мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай мектеп формасын  келесі оқу жылына өзгерту ұсынысы бойынша мамыр айындағы қорытынды жиналыста қайтадан қаралсын.
2.Жаз маусымында білім алушыларды діни экстремизм  әрекеттерінен,құқық бұзушылық  және жол көлік апарттарының алдын алу  шаралары,ойын алаңының жұмыс жоспары бекітіліп,жүргізіу мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.О.Абашеваға жүктелсін.
Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы:                    С.Ж.Нуримов
 Қамқоршылық кеңесінің  мүшелері:
Сарсенбаева .А.А.
Айымбетова А.
Князбаева Г.
Алдабергенова С.
Шупанова Ж
Бакеш Г.
Доскиева Г.
Сейтенов Е.
Тампишова Н.
Жамитова Г.
            Кеңес хатшысы:           Жоламанова Ә.Б

Категория: Открытый орган / Попечительский совет